00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Wi-Fi бар ма»: Бортсеріктер жолаушылар қоятын ең күлкілі сұрақтарды жариялады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Wi-Fi бар ма»: Бортсеріктер жолаушылар қоятын ең күлкілі сұрақтарды жариялады

Видео 280 мың қаралым жинады. Ал басқа жолсеріктер жұмыста сұраған ең күлілі сұрақтарды пікір ретінде қалдырды.

Рейтингке не кірді?

Арзан лоукостердің ең күлкілі сұрағы: «Кешіріңіз, бірақ борттағы ойын-сауық қайда?» болды.

Ryanair - артық шығынсыз бюджеттік әуекомпания. Тек жақын магистральдық рейстерді орындайды, сондықтан бортта ойын-сауық қарастырылмаған. Сонымен қатар әуетасымалдаушы туристерге «әр қадам» үшін қосымша ақы төлеу және ұшақта тұрып ұшуды ұсынған жанжалды бастамаларымен танымал болды.

Рейтингке қоса бортсеріктер мынадай сұрақтарды қалдырды:

«Мен қаптамаға оралған түскі асымды тоңазытқышқа сала аламын ба?»

«Сіз менің телефонымды зарядтай аласыз ба?»

«Менде бір жас жігіт болды. Ол менен бірден: «Wi-Fi бар ма және орындықты қалай шалқайтуға болады?» деп сұрады.