00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әзербайжанда заңсыз автотұрақ ұйымдастырғандарға айыппұл салынады

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әзербайжанда заңсыз автотұрақ ұйымдастырғандарға айыппұл салынады

Бұл туралы Әзербайжан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізуге ұсынылған түзетулерде айтылған. Жобаға сәйкес, мемлекеттік немесе муниципалдық жолдарда ақылы автотұрақтарды заңсыз жасағаны үшін жеке тұлғаларға 200 манат (120 доллар), лауазымды адамдарға 500 манат (295 доллар), заңды тұлғаларға 2 мың манат (1180 доллар) көлемінде айыппұл салынады.

Сонымен қатар, түзетулерде автотұрақ ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдың екі есеге ұлғаятыны да атап өтілген. Осылайша, мүгедектердің көліктеріне арналған тұрақтарға басқа көліктерді қойғаны үшін айыппұл 10 манаттан 20 манатқа (12 доллар) дейін көтерілді.

Жаяу жүргіншілер жолында, сондай-ақ жолдың қиылысында және қиылысатын жолдың шетінен 5 метрден жақын жерде заңсыз тоқтау немесе көлік қою үшін 40 манат (24 доллар) көлемінде айыппұл салу ұсынылады.

Тағы бір түзету - ең жоғары массасы 3,5 тоннадан асатын жүк көліктерін тұраққа қою, сондай-ақ тұрақ орындарын брондау арқылы немесе кез келген басқа жолмен көлік құралдарын тегін қоюға жол бермеу үшін айыппұл 10 манаттан 20 манатқа (12 доллар) дейін көтерілді.

Сонымен бірге, Әзербайжанның «жол қозғалысы туралы» Заңына өзгерістер енгізу жобасында тұрақ ұзақтығы 48 сағаттан аспауы керек, бұл тұрақ ұзақтығын 24-тен 48 сағатқа дейін арттыру мүмкіндігін білдіреді.