Қасым-Жомарт Тоқаев Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы БАӘ ислам және уақыптар істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Омар Хабтур әл-Дареймен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Омар Хабтур әл-Дарей әлемдегі рухани ахуал мәселелері жөнінде пікір алмасып, дінаралық диалогты дамытудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ түрлі конфессиялар арасында өзара түсіністік пен үйлесімді нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігердің өзектілігіне тоқталды.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
Республика күніне орай Мемлекет басшысы елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттады
24 қазан, 2025
Президент: «Тұрақтылық пен тыныштықтың қадірін білу қажет»
24 қазан, 2025
Білім беру саласына бөлінетін қаржы үш есеге артты – Президент
24 қазан, 2025
Президент: Бұл – халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн
