Енді кедергі келтіріп тұрған көлік иесіне аноним хабарлама жіберуге болады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Бұдан былай кез келген азамат мемлекеттік нөмір арқылы көлік иесіне аноним хабарлама жібере алады. Бұл қызмет туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Егер сіз терезесі ашық қалған немесе өтуге кедергі келтіріп тұрған көлікті байқасаңыз, мемлекеттік нөмірді теріп, қажетті тетікті таңдасаңыз жеткілікті. Көлік иесіне анонимді хабарлама жіберіледі. Бұл сервис өзара көмектесудің әрі азаматтық жауапкершіліктің құралына айналады деп сенеміз», – деді министр Үкімет отырысында.
Аталған цифрлық қызметті енгізу жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.
Ұқсас жаңалықтар

16 қазан, 2025
Қазақстанда бағаны көтеруге мораторий енгізіледі

15 қазан, 2025
Елімізде 26,5 мыңнан астам интернет-ресурс жабылды

15 қазан, 2025
Президент тапсырмасы: Жетісу облысындағы ауылдарды сумен қамтуға 478 млн теңге бөлінді

14 қазан, 2025
Жол ақысы 500 теңгеге көтеріле ме: вице-министр пікір білдірді