00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Үш елге жаңа елшілер тағайындалды

23 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Үш елге жаңа елшілер тағайындалды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Индонезия, Мексика және Латвия елдеріндегі елшілері тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Дәурен Айтбайұлы Кәріпов Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.