Президенттің жаңа баспасөз хатшысы белгілі болды

17 ақпан, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Президенттің жаңа баспасөз хатшысы белгілі болды
Фото: akorda.kz

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Руслан Желдібай 1989 жылы дүниеге келген.

2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.

2011-2012 жж. – «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор;

2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;

2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы;

2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;

2020 жылдың мамыр айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2022 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;

2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы;

2023 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Бұдан бұрын ол Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып қызмет атқарды. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы қызметін Берік Уәли атқарған болатын. Ол Абай облысының әкімі болып тағайындалды.