00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды

26 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болып сайланды
Фото: ашық дереккөз

Отырыс барысында ҰОК басшысы болып Геннадий Головкин таңдалды.

Айта кетейік, ҰОК басқарушысы 4 жылдық мерзімге сайланады. 

41 жастағы Геннадий Головкинның спорттық мансабындағы басты жетістіктері: 

- Әлем чемпионы (2003 жыл); 

- Афина Олимпиадасының күміс жүлдегері (2004);

- Кәсіпқой бокста 45 жекпе-жек өткізіп, 42-сінде жеңіске жеткен. Ал мексикалық жұлдыз Сауль Альвареспен 3 мәрте айқасып, 1 рет тең түсті. 2 рет есе жіберді; 

- Кәсіпқой бокста WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы; 

- Әлеуметтік желіде ең танымал отандық спортшы (4,9 млн оқырман).

айта кетейік, елімізде Халықаралық Олимпиада комитеті 1990 жылы 3 ақпанда құрылып, 1993 жылдың қыркүйек айында Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан мойындалды. 

Бұған дейінгі президенттері: 

Тимур Досымбетов (1990-1992, 2002-2006);

Аманша Ақпаев (1992-2002);

Темірхан Досмұхамбетов (2006-2015);

Тимур Құлыбаев (2015-2024).

Қанат БАЙҰЗАҚОВ