Астананың Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Ол соңғы 4 жылдан астам уақыт Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Еңбек жолын 2006 жылы «Мүлһин» қоры» қоғамдық бірлестігінде бастаған. Әр жылдары қоғамдық және жеке құрылымдарда жұмыс істеді.
29.08.2012 - 06.02.2013 жылдар аралығында «Жетісу ӘКК» ҰК» АҚ (Талдықорған қ.) басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.
07.02.2013 - 18.03.2013 жылдар аралығында Алматы облысы, Талғар ауданы әкімінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
18.03.2013 - 15.11.2019 жылдар аралығында Алматы облысы, Талғар ауданы әкімінің орынбасары болды.
2019 жылғы 19 қарашадан бастап – Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек ауданның жаңа басшысына Президенттің тапсырмалары аясында аудан мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді.