00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Диас Досқараев ҚТФ вице-президенті болып тағайындалды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Диас Досқараев ҚТФ вице-президенті болып тағайындалды

Бүгін Қазақстан теннис федерациясында жылдың қорытынды кеңесі өтіп, ҚТФ вице-президенті сайланды. Сайлаушылар бірауыздан Диас Досқараевты федерацияның вице-президенті қызметіне лайық деп тапты, деп хабарлады Elorda.info

Араға 3 жыл салып федерациядағы қызметіне қайта оралған Диас Досқараев бұған дейін Дэвис кубогы мен Билли Джин Кинг кубогында ұлттық құраманың капитаны болды. Сондай-ақ, ол алты жыл бойы ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Ал 2016-2020 жылдары федерацияның вице-президенті қызметін атқарды. 2020 жылы оқуға кетуіне байланысты бұл қызметін босатқан еді. 

Қазақстан теннис федерациясының экс-вице-президенті Юрий Польский Азия теннис федерациясындағы қызметін жалғастыра бермек. Ол халықаралық ұйымда вице-президент қызметін атқарады. Сондай-ақ, Қазақстан теннис федерациясы президентінің стратегиялық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі болады.