00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан шахмат федерациясына жаңа басшы тағайындалды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан шахмат федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Гүлмира Дәулетова Қазақстан шахмат федерациясының жаңа атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Гүлмира Дәулетова – әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағы бар, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының қола жүлдегері. Оның жетістіктерінің бір –Азия чемпионатындағы алтын медалі.

Әр жылдары Қазақстан шахмат федерациясында турнир директоры және атқарушы директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Гүлмира спорттық мансабында шахматты дамыту саласында көптеген мемлекеттік және халықаралық ФИДЕ (Халықаралық шахмат федерациясы) марапаттарымен марапатталған, Азия шахмат федерациясының әйелдер комиссиясының төрағасы.

Г.Дәулетова бүгінде мектепте оқитын 2-4 сыныптарға арналған «Шахмат» әдістемелік құралының авторы, мұғалімдер мен балаларды оқытуға арналған онлайн платформа курсының әзірлеушісі.

Сонымен қатар Әл-Фараби университетінде «халықаралық қатынастар» мамандығының магистрі.