00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бұрынғы министр Өзбекстанға елші болды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бұрынғы министр Өзбекстанға елші болды

Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

 

Бейбіт Бәкірұлы 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында туған.

Инженер-металлург мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын, сондай-ақ, экономист мамандығы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1 класты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Еңбек қызметін 1985 жылы Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс байыту зауытында бастаған.

1986 жылдан бастап М.И.Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауытында жұмыс істеді, онда балқытушы, ауысым шебері, бригадирден бастап жетекші инженерге дейінгі жолдан өтті. 1991 жылдан - ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі «Қазметаллэкспорт» Қазақстандық республикалық сыртқы экономикалық байланыстар кәсіпорнының «Черметэкспорт» компаниясының бас маманы, директоры.

1993 жылдан ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі «Қазақстан сауда» МСК бас директорының бірінші орынбасары. 1995 жылдан «Қарметкомбинат» МАҚ (Теміртау) бас директорының бірінші орынбасары.

1996 жылдан «Рахат-металлс» компаниясының бас директоры, «AIG» қазақстандық сақтандыру компаниясы директорлар кеңесі төрағасының орынбасары. 2002 жылдан «Рахат» МК Директорлар кеңесінің төрағасы. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2007 жылдан Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-елшісі. 2008 жылдан Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (Германия) бас консулы.

2010 жылдан Қазақстан Республикасының Малайзия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы.

2014-2015 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы. 2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

2018-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 2019-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

«Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Сондай-ақ осы жарлықпен Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.