00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорда әуежайы баспасөз қызметіне жаңа жетекші тағайындалды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорда әуежайы баспасөз қызметіне жаңа жетекші тағайындалды

«Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі болып Мадияр Уақпаев тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұған дейін ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қоғамдық коммуникациялар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

М. Уақпаев 1991 жылғы 17 желтоқсанда Жамбыл облысында дүниеге келген. «Қайнар» гуманитарлық-техникалық колледжін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2016 жылы Тараз қаласындағы «77 TV» телеарнасының тілшісі болып бастаған.

2016-2019 жылдары аймақтық «77 TV» арнасында журналист, редактор, тележүргізуші ретінде еңбек еткен.

2019 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің консультанты.

2019-2022 жылдары – ИИДМ баспасөз қызметінің жетекшісі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.

Ал 2022 жылдың қаңтар айынан бері ИИДМ Қоғамдық коммуникациялар департаменті директорының орынбасары болып еңбек етті.