Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі тағайындалды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Руслан Иманқұлов Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлады Elorda.info.
Р. Иманқұлов 1985 жылы Жамбыл қаласында (Тараз) туған. Білімі жоғары.
Төтенше жағдайлар министрлігіндегі өз еңбек жолын Жамбыл облысы ТЖ департаментінің маманы болып бастады. ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі болып қызмет атқарды.
Сонымен қатар «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ, ИИДМ БАҚ-пен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етті.
Юрий Ильин жеке құрамға таныстыра отырып, Р. Иманқұловтың осы саладағы тәжірибесін атап өтті, сондай-ақ бірқатар басым міндеттерді белгілеп, алдағы жұмысына табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар