00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада туған.

1999 жылы «Тұран» университетін «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «халықаралық экономист» мамандығы бойынша, сондай-ақ Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «мұнай-газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген.

АҚШ-та және Малайзияда тағылымдамадан өткен.

2001 - 2004 жылдары Теңіз және Батыс Сібір кен орындарында MIDrillingFluidsInternational (Schlumberger) компаниясының бұрғылау ерітінділері бойынша инженері.

2004 - 2007 жылдары «MIDrillingFluidsInternational» компаниясының Ақтау қаласындағы филиалында бизнесті дамыту бойынша менеджер, өндіріс бойынша менеджер, филиал басшысы.

2007-2010 жылдары «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.

2010-2012 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры.

2012-2013 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының инновациялық даму және сервистік жобалар жөніндегі орынбасары.

2013-2014 жылдары – Мұнай және газ вице-министрі.

2014-2019 жылдары – Энергетика вице-министрі. 

2019-2021 жылдары – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

2021-2022 жылдары – Энергетика министрі.

2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.