00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Президенттің Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада. 

1979 жылы БҚО Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген, мамандығы экономис-математик. 

  • 2000 жылдан - М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.
  • 2001 жылдан - Батыс Қазақстан облыстық Қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.
  • 2002 жылдың маусымынан - Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан - бас маманы.
  • 2006 жылдың қаңтарынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторлы дамыту бөлімінің бастығы.
  • 2006 жылдың наурызынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы.
  • 2007 жылдың қаңтарынан - БҚО Ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары.
  • 2007 жылдың қазанынан - БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары.
  • 2009 жылдың қыркүйегінен – БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы.
  • 2014 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
  • 2016 жылдан - Атырау қаласының әкімі.
  • 2018 жылдан - Атырау облысы әкімінің орынбасары.
  • 2020 жылдан – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары.
  • 2021 жылдың қаңтарынан бері - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.