00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сауда комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сауда комитеті төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Айдар Әбілдабеков 1970 жылы туған.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген (біліктілігі экономист).

Еңбек жолын 1996-1998 жылдары коммерциялық құрылымдарда бастады, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998-2009 жылдар аралығында ҚР кеден органдарында жұмыс істеді.

2009-2022 жылдары ҚР статистика органдарында: ҚР Статистика агенттігі Статистика басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы және Алматы қаласы бойынша статистика департаменттерін басқарды.