Скляр Павлодар облыстық ПД басшысы болды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Президент Әкімшілігімен келісе отырып, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша Василий Скляр Павлодар облысының Полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бүгін Павлодар облыстық ПД жаңа басшысы жеке құрамға таныстырылды.
Василий Васильевич Скляр Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтын және ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірген. 2019 жылдың қазанына дейін Павлодар облысы Ақсу қаласының ішкі істер бөлімін басқарған, одан кейін Екібастұз қаласының ішкі істер органдарын басқарған, Павлодар облысы бойынша ҚІІБ басшысы болып тағайындалғанға дейін жұмыс істеген.
Полковник шені бар.
Ұқсас жаңалықтар