Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің бастығы тағайындалды
Марат Төлебаев 1969 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.
Білімі: 1992 ж. – ҚазССР ІІМ Алматы арнайы орта милиция мектебі.
1998 ж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы заң институты.
2004 жылы ҚР ІІМ Академиясының ІІО басқарушы құрамын дайындау институтын бітірген. Мамандығы – заңгер, құқықтану магистрі.
Еңбек жолы:
1992-1996 жж. – Қостанай облысы МТКБ Науырзым ауданы бойынша МТКБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі, аға жедел уәкілі.
1996-1997 жж. - Қостанай облысы МТКБ Орджоникидзе ауданы МТКБ экономикалық қылмыстармен күрес бөлімінің бастығы.
1997-1999 жж. - Қостанай облысы ІІБ жедел уәкілі, аға жедел уәкілі.
2003-2004 жж. - ҚР ІІМ Академиясының ІІО басшы құрамды даярлау институтының тыңдаушысы.
2004-2005 жж. - Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу бөлімінің бастығы.
2005-2008 жж. - Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.
2008-2010 жж. - Астана қаласы ІІД Криминалдық полиция басқармасының бастығы.
2010-2011 жж. - Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары.
2011-2013 жж. - Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы ІІБ бастығы.
2013-2016 жж. - Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ бастығы.
2016-2017 жж. - Қостанай облысы ішкі істер депараменті бастығының бірінші орынбасары.
2017-2019 жж. - Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.
2019 жылдың 7 мамырынан – Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшысы қызметін атқарды.