00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дәулет Тұрлыханов жаңа қызметке тағайындалды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дәулет Тұрлыханов жаңа қызметке тағайындалды

Күрес федерациясының кезектен тыс конференциясында спорт құрылымының экс-президенті Ерлан Қожасбай қызметінен кету туралы шешім қабылдап, Дәулет Тұрлыхановтың кандидатурасын ұсынды. Конференцияға қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Д.Тұрлыханов федерация президенті болып сайланды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Тұрлыханов аталған федерацияның вице-президенті қызметін атқарған.

Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Сонымен қатар, Дәулет Тұрлыханов 1989 жылғы әлем чемпионы және 1993 жылғы әлем вице-чемпионы, 1995 жылғы Еуропа және Азия чемпионы, Олимпиаданың күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері, сегіз дүркін КСРО чемпионы.