00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жазғы Олимпиада ойындарына ең көп қатысқан спортшы кім?

20 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жазғы Олимпиада ойындарына ең көп қатысқан спортшы кім?
коллаж Elorda.info

Жазғы Олимпиада ойындарына ең көп қатысқан спортшы кім?

Осы орайда жазғы Олимпиада ойындарына ең көп қатысқан спортшыларды атап өткенді жөн көрдік. 

Отандастарымыздың арасында қатарынан 4 Олимпиадада бақ сынаған 9 спортшы бар. Оның ішінде 5 -еуі жеңіл атлетика, 2-еуі каноэде есу, 1-еуі нысанада көздеу, және 1 спортшы велоспорттан қатысқан.  

3 бірдей Олимпиадаға қатысқандар саны 28 спортшы.  Олардың арасыннан 12-сі жеңіл атлетикадан, 3 - еуі ескек есу, 3 -еуі күрес түрлері, 3 - еуі жүзу, және су добынан 2, нысана көздеуден 1, бокстан 1, қазіргі бессайыстан 1, үлкен теннистен 1, дзюдодан 1 спортшымыз бақ сынаған. 

Мәселен, Ольга Рыпакова - үш қарғып секіруден 4 мәрте (2008, 2012, 2016, 2020 жылдары) қатысып, 3-еуінде жүлде алды. 

2008 жылы Бейжің Олимпиадасында Ольга Рыпакова 4-орынға тұрақтады. Бірақ 2017 жылы грек спортшысы Хрисопия Деветци мен Татьяна Лебедеваның (Ресей) сынамасынан допинг анықталды. Нәтижесінде отандасымыз күміс жүлдеге ие болды.

Лондон төрінде чемпион атанса, Рио Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді. Ал соңғы Токио Олимпиадасын сәтсіз аяқтады. 

Велошабандоз Александр Винокуров 4 мәрте (1996, 2000, 2004, 2012) Олимпиадаға қатысып, 38 жасында Лондон Олимпиадасында топ жарды.

Бұған дейін 2000 жылы Сидней Олимпиадасында күміспен күптелген болатын. 

Өкінішке қарай, 2007 жылы допинг кесірінен шеттетіліп, Бейжің Олимпиадасына қатыса алмады.

Қайсар Нұрмағанбетов каноэде есуден 4 мәрте (1996, 2000, 2004, 2008) қатысқан. Ең үздік көрсеткіші - жартылай финал. 

Светлана Толстая - спорттық жүрістен 4 мәрте (1996, 2000, 2004, 2008) қатысқан. Ең жоғарғы көрсеткіші - 21-орын. 

Ирина Науменко - жетісайыстан 4 мәрте (2000, 2004, 2008, 2012) қатысқан. Ең жоғарғы көрсеткіші - 21-орын.

Ольга Довгун - нысана көздеуден 4 мәрте (2000, 2004, 2008, 2012) қатысқан. Ең жоғарғы көрсеткіші - 4-орын. Қазір нысана көздеуден бас бапкер. 

Роман Валиев - үш қарғып секіруден 4 мәрте (2004, 2008, 2012, 2016) қатысқан. Ең жоғарғы көрсеткіші - 20-орын.

Наталья Сергеева - каноэде есуден 4 мәрте (2004, 2012, 2016, 2020) қатысқан. Ең жоғарғы көрсеткіші - 7-орын.

Олимпида алаңын 4 мәрте көрген тағы бір спортшымыз Ирина Литвененко-Эктова. Ол үш қарғып секіруден  2008, 2012, 2016, 2020 жылғы Олимпаидаларда бақ сынады. Ең жоғарғы көрсеткіші - 30-орын.

Ислам Байрамуков еркін күрестен 3 мәрте (1996, 2000, 2004) қатысып, Сидней Олимпиадасында күміс жүлде алды. 

Геннадий Лалиев еркін күрестен 3 мәрте (1996, 2000, 2004) қатысып, Афина Олимпиадасында күміс жүлде алды. 

Асхат Житкеев  дзюдодан 3 мәрте (2000, 2004, 2008) қатысып, Бейжің Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды. 

Дмитрий Карпов онсайыстан 3 мәрте (2004, 2008, 2012) қатысып, Афина Олимпиадасында қола жүлде алды. 

Екатерина Руденко жүзуден 3 мәрте (2008, 2012, 2016) қатысты. Ең жоғарғы көрсеткіші - 20-орын. 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына еліміздің атынан қатысқан ең жас спортшы (13 жас) ретінде тіркелді. 

Боксшы Біржан Жақыпов та 3 мәрте (2008, 2012, 2016) қатысты. Барлығында 1/4  финалда сүрінді.

3 мәрте екі түрлі мемлекеттің атынан қатысып, жүлде алған спортшылар: 

Гюзель Манюрова 2004 жылы Ресей Федерациясы атынан күміс, 2012, 2016 жылдары Қазақстан атынан қытысып 2 жүлде алып берді. 

Сергей Филимонов ауыр атлетикадан 1996 жылы Ресейдің намысын қорғаса, 2000, 2004 жылдары Қазақстан атынан сынға түсіп, Афина Олимпиадасында күміс жүлдеге ие болды. 

Мхитар Манукян - грек-рим күресінен 1996 жылы Армения намысын қорғаса, 2000, 2004 жылдары Қазақстан атынан өнер көрсетіп, Афина Олимпиадасында қола жүлдегер атанды. 

Қанат БАЙҰЗАҚОВ