Жас теннисшілеріміз халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанды
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Каирда бірінші санаттағы J500 ITF Juniors жарысында Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында үздік шықты,деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстандықтар финалда доданың 2-ракеткалары, сербиялық Теодора Костович – чехиялық Люси Урбанованы қапы қалдырды – 6:1, 7:5.
14 жасқа дейінгілер арасында да отандастарымыз ерекше көзге түсті. Родион Трайгель Түркияда Tennis Europe Soul Cup турнирінің абсолютті чемпионы атанды. Ол жекелей сында соңғы бәсекеде грузиялық Зука Кашешвилиді ойсырата ұтты – 6:0, 6:1. Ал Аңсар Ниетқалиевпен бірге жұптық сында болгариялықтар Горгиев – Тзонковтан айласын асырды – 6:3, 7:5.
Темірлан Жантеміров Польшада ТЕ Kozerki Cup by HEAD додасында чемпион атанаса, жекелей сында тек финалда ғана фин Адам Напариге жол берді – 3:6, 1:6.