00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жас теннисші Әмір Омарханов Президент кубогін жеңіспен бастады

Жас теннисші Әмір Омарханов Президент кубогін жеңіспен бастады
Фото: ktf.kz

Теннисші Әмір Омарханов Президент кубогі үшін Астанада өтіп жатқан ATP Challenger Tour турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл Мадрид мастерс турнирінің іріктеу сайысында бақ сынаған Омарханов үшін бұл өзінің спорттық жолындағы алғашқы челленджер жарысы еді.

Әмірдің қарсыласы әлемнің 794-ракеткасы, ресейлік Максим Жуков 19 жаста болды.

Бірінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Омарханов брейк жасай білді. Сол басымдылық оған жеткілікті болды – 6:4.

Екінші сетте қазақстандық жас теннисші 5:2 есебімен алға кетіп, матчқа доп бергенде, ол мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Дегенмен ойынды эйспен түйіндеді – 6:4. 

Осылайша, ересектер арасында ATP жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізген Омарханов Президент кубогінің ширек финалына шығу үшін әлемнің 533-ракеткасы Саба Пурцеладземен таласады.