00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

UWW Қазақстанды Азиядағы үздік федерация деп таныды

27 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
UWW Қазақстанды Азиядағы үздік федерация деп таныды
Фото: дереккөз

UWW-Asia атқару комитетінің мүшелері екі кезең бойынша өткен дауыс берудің нәтижесінде еліміздің Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын осы мәртебелі атаққа лайық деп шешті.

Онлайн дауыс беруде UWW-Asia атқару комитетінің мүшелері 9-14 сәуірде Астанада Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен өткен ересектер арасындағы Азия чемпионатын жоғары бағалады.