00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Төрт теннисшіміз «Ролан гаррос» турнирінің іріктеу сынына қатысады

20 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Төрт теннисшіміз «Ролан гаррос» турнирінің іріктеу сынына қатысады
Фото: дереккөз

Франция ашық чемпионаты «Ролан Гаррос» додасының іріктеу турнирінде 4 қазақстандық теннисші сынға түседі, деп хабарлады Elorda.info

Іріктеу сайыстарының ширек финалында әлемнің 174-ракеткасы Бейбіт Жұқаев дүниежүзілік рейтингте 167-орында тұрған аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен шеберлік байқасады.

Рейтингте 177-орында тұрған Денис Евсеев әлемнің 237-ракеткасы, болгариялық Адриан Андреевпен кездеседі. 

Әлемнің 223-ракеткасы Дмитрий Попко бастапқы бәсекесінде рейтингте өзінен жеті саты төмен тұрған франциялық Валентин Ройеден өтуге тырысып көреді. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингте 148-орындағы швейцариялық Леандро Ридимен кортқа шығады.

Айта кетейік, іріктеу сайыстары 24 мамырда аяқталады.

Жылдың басты жарыстарының бірі саналатын «Ролан Гаррос» турнирі 26 мамыр – 9 маусым аралығында өтеді.