Теннисші Заңғар Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шықты

Бүгін, 15:37
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views38
Теннисші Заңғар Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шықты
Фото: ktf.kz

17 жасар қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандық спортшы турнирдің үшінші кезеңінде ITF Juniors рейтингінің әлемдік тізімінде 8-орында тұрған финляндиялық Оскари Палданиусты жеңді. Финляндия теннисшісі ATP рейтингінде 991-орында тұр.

Заңғар алғашқы сетте 3:6 есебімен есе жіберді. Алайда екінші кезеңде 6:1 есебімен басым түсіп, шешуші үшінші сетті де 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Айта кетейік, ширек финалда қазақстандық теннисші ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.