00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогын сәтті бастады

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогын сәтті бастады
Фото: ашық дереккөз

Германия астанасы Берлинде ватерполдан әлем кубогы жалауын көтерді. Жарысқа қатысып жатқан 8 команданың арасында Қазақстан әйелдер құрамасы да бар, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандықтар Германия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландиямен бір топта өнер көрсетуде.

Отандастарымыз екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алдымен 11:7 есебімен жарыс қожайындарын, сосын 15:7 есебімен британдықтарды ұтты. Енді Жаңа Зеландиямен кездеседі. Ал шешуші бәсекелер 7 мамыр күні өтеді.

Әлем кубогында үздік атанған 2 құрама, маусым айында АҚШ-тың Калифорния штатында өтетін «суперфиналға» жолдама алады. Ол жерде топ жарған команда Париж Олимпиадасына лицензия иеленеді.