Үстел теннисінен ерлер құрамасы ширек финалға жолдама алды

Фото: olympic.kz
Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Астанадағы Азия чемпионатында ширек финалға шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Командалық жарыста үздік сегіз команданың бірі атану үшін отандық спортшылар Сауд Арабиясын жеңуі керек болды.
Қазақстандық команда бұл міндетін орындап, қарсыластарын 3:0 есебімен жеңді. Құраманың жеңіске жетуіне Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов үлес қосты.
Ширек финал матчы бүгін өтеді. Спортшыларымыз 1/4 финалда Үндістан немесе Тайпей елдерінің бірімен жолығады.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астана 2026 жылы Бесінші дүниежүзілік кадеттер ойыны өтеді

17 қазан, 2025
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік турдың жартылай финалына өтті

16 қазан, 2025
Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

16 қазан, 2025
Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды