Спартакиадада елордалық боксшылар топ жарды
Астана қаласында өткен бокстан VI жазғы спартакиада аяқталды, деп хабарлады Elorda.info Қазақстан бокс федерациясының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
13-19 қараша аралығында Астанада өткен VI жазғы Спартакиада мәресіне жетті. Төрт жылда бір ұйымдастырылатын дүбірлі додада 13 салмақ бойынша 176 спортшы жүлдеге таласты. Турнир қорытындысы бойынша жарыстың ең үздік боксшысы — Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы). Ал турнирдің жаңа есімі болып Темірлан Мұқатаев (Астана қаласы) танылды.
Жалпы есепте ең көп жүлде жеңіп алған өңірлер:
Астана қаласы — 3 алтын, 2 күміс;
Жамбыл облысы — 3 алтын;
Түркістан облысы — 2 алтын, 2 күміс, 1 қола;
Ақмола облысы — 2 алтын, 1 күміс, 1 қола;
Алматы қаласы — 1 алтын, 4 қола;
Қызылорда облысы — 1 алтын, 2 қола;
Шымкент қаласы — 1 алтын, 1 қола;
Павлодар облысы — 2 күміс, 3 қола;
Атырау облысы — 2 күміс;
Абай облысы — 1 күміс, 3 қола;
Алматы облысы — 1 күміс, 3 қола;
БҚО — 1 күміс, 1 қола;
Манғыстау облысы — 1 күміс, 1 қола;
Ұлытау облысы — 2 қола;
ШҚО — 1 қола; Қарағанды облысы — 1 қола;
Жетісу облысы — 1 қола;
Қостанай облысы — 1 қола.
Айта кетейік, турнир қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде еліміздің үздік боксшылары анықталып, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы жаңадан жасақталады.