Семсерлесушілер Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
21 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
коллаж Elorda.info
Семсерлесушілер Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Кадеттер арасындағы бәсекеде Кирилл Проходов шпагамен семсерлесуден күміс медаль жеңіп алды. Финалда ол гонконгтық қарсыласына 11:15 есебімен жол берді.
Ал жарыстыңсоңғы күнінде Қазақстан жасөспірім қыздар командасы күміс медаль жеңіп алды. Әмина Саматова, Арина Яковлева, Кристина Красикова мен Полина Лесовская төрттігі шпагамен семсерлесуден финалда ғана сүрінді.
Олар Оңтүстік Корея командасынан финалда жеңіліп қалды. Ал турнир барысында жарыстың бірінші нөмірі саналатын Қытай командасынан басым түскен.
Ұқсас жаңалықтар