Сағындық Тоғамбай бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: olympic.kz
Сағындық Тоғамбай бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық боксшы 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.
Сағындық алғашқы айналымда Исаак Окомен (Англия) жұдырықтасты. Қарсылас бірінші раундта басым түсті. Бірақ, жекпе-жектің соңына қарай Сағындық Тоғамбай 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) келесі кезеңде Джек Марлеймен (Ирландия) күш сынасады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:01
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасы басталды

Бүгін, 14:55
Қазақстан мен Түркия теннис саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін, 12:24
Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант берді

Бүгін, 08:53
Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің чемпионы атанды