Ризабек Айтмұқан екінші рет әлем чемпионы атанды

фото: olympic.kz
Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Албанияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
97 келіге дейінгі салмақта оған тең келер спортшы болмады.
Шешуші жекпе-жекте оған Ираннан келген Махди Морафа қарсы тұрды. Айтмұхан 11:6 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетсек, былтыр Ризабек 92 келіге дейінгі салмақта ересектер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған. Қазіргі маусымда ол 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында «алтын» алды.
Тиранадағы додада ол жеңіс тұғырын бағындырған алғашқы қазақстандық болып отыр.
Одан бөлек ол еркін күрестен «алтын» алған жастар арасындағы алғашқы балуан.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:25
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында өнер көрсетеді

Бүгін, 16:51
Бокстан әлем чемпионатында жүлдегер атанған әйелдер құрамасы елге оралды

Бүгін, 13:45
Мектеп мұғалімі Оралдан Ақтөбеге дейінгі 500 шақырымды жүгіріп өтті

Бүгін, 12:35
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Түркияда өтетін турнирде бақ сынайды