Президент балуан Шұғыла Өмірбекті жеңісімен құттықтады

Бүгін, 09:15
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views63
Президент балуан Шұғыла Өмірбекті жеңісімен құттықтады
Фото: Olympic.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Бұл – тарихи жеңіс. Өйткені еліміз мұндай халықаралық жарыста алғаш рет алтын медаль иеленіп отыр.

Әр салада өзінің табандылығымен, еңбекқорлығымен табысқа жететін жастардың өсіп келе жатқаны қуантады. Шұғыланың алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдіремін!», - деді Президент.