00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Париж-2024: Қазақстандық 5 телеарна Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

17 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Париж-2024: Қазақстандық 5 телеарна Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
фото: olympic.kz

26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді. Бұл туралы Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстандықтар Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport», «Jibek Joly», «Хабар» және «Ел арна» телеарналарынан  көре алады.

Олимпиада ойындарын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар.

Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 92 лицензия иеленді. Ел атынан 80 спортшы сынға түседі. Олимпиада ойындарының сайыстар кестесі қосымша жарияланады. Олимпиада ойындары кезінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігінің арнайы түсірілім топтары жұмыс істейді.