Отандасымыз фристайл-акробатикадан Еуропа кубогінде алтын медаль алды
10 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: freepik
Қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова Финляндияның Рука қаласында фристайл-акробатикадан өткен Еуропа кубогінің кезеңінде өнер көрсетті, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Нәтижесінде еліміздің спортшысы 83.47 балмен бірінші орын алды. Екінші орынға Канада өкілі Александра Монтмини (65.45 балл), үшінші орынға америкалық Амелия Глоговски (62.14) табан тіреді.
Қазіргі уақытта 28 жастағы Ж.Алдабергенова Шаңғы спортынан халықаралық федерацияның 260 ұпайына ие.
Айта кетейік, Алдабергенова бұған дейін Рукада өткен әлем кубогі кезеңінде де жүлде алған болатын. Ол 77.43 балмен қола медаль еншіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді