00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қос қазақтың финалы: Нұрбек Оралбай әлем чемпионы атанды

14 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қос қазақтың финалы: Нұрбек Оралбай әлем чемпионы атанды
фото: IBA

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 80 келіде өнер көрсеткен 22 жастағы Нұрбек Оралбай   топ жарды, деп хабарлады Elorda.info. 

Нұрбек Оралбай Қытай атынан сынға түскен Тоқтарбек Таңатқанмен айқасып, тартысты жекпе-жекте 4:1 есебімен басым түсті. 

2 жыл бұрын Сербияда өткен әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай ширек финалда Сербия атынан сынға түскен, қола жүлдегер Владимир Мирончиковтан 2:3 есебімен жеңіліп, жүлдеден тыс қалып еді. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы шет елде өткен әлем чемпионатында 4 алтын, 1 күміс жүлде иеленіп, рекордты жаңартты.