00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

17 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Olympic.kz

Спорттық гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Милад Карими күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға табан тіреді. Алтын медальді әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, филиппиндік Карлос Юло еншіледі. Өзбекстандық Абдулла Азимов 82.431 ұпаймен турнирдің қола медалін иеленіп қана қоймай, Париж Олимпиадасына жолдама алды. 

Карими де, Юло да жолдама мәселесін шешіп қойғандықтан, квота өзбек гимнастына беріледі. Қазақстандық Дмитрий Патанин 79.598 ұпаймен көпсайыста жүлдеге іліге алмай, тиісінше, Олимпиадаға іріктеуден өткен жоқ. 

Еске сала кетейік, Милад Карими Азия чемпионатында көпсайыстан күміс медаль алу арқылы тарихи жетістікті тіркеп отыр. Бұған дейін отандық гимнастар жекелеген снарядтарда жүлде алғаныман, құрлық додасында көпсайыс қорытындысы бойынша тұғырға шықпаған. 

Ташкенттегі Азия біріншілігінде Париж Олимпиадасының жолдамасын алған Нариман Курбанов та бақ сынайды.