00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Махмұд Сабырхан әлем чемпионы атанды

14 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Махмұд Сабырхан әлем чемпионы атанды
фото: IBA сайты

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 54 келіде өнер көрсеткен 22 жастағы Махмұд Сабырхан ел қоржынына 2-ші алтынды сыйлады, деп хабарлады Elorda.info. 

Жерлесіміз өзбек боксшысы Ойбек Джураевпен кездесіп, 2 мәрте нокдаунға түсірді. Нәтижесінде 5:0 есебімен оңай жеңді. 

2 жыл бұрын Сербияда өткен әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан күміс жүлде алған еді. 

Айта кетейік, әзірше Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс жүлде алып тұр.