00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші маусымы өтеді

23 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші маусымы өтеді

Қазақстанда Астана-Түркістан бағыты бойынша «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші маусымы өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Жоба 6 қыркүйекте сағат 14.00-де Қаражар (Ильинка) ауылында бастау алады. Осы шара қарсаңында - 5 қыркүйекте елордадағы «Қазанат» ипподромында 18.00-де республикалық ұлттық спорт түрлерінің фестивалі аясында Жорықтың салтанатты тұсаукесері өтеді. Ұзындығы 1300 шақырым болатын маршрут Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстарын басып өтіп, 19 қыркүйекте Түркістан қаласында өз мәресіне жетеді. Марафон 14 бөлікке (бірінші және соңғы күні 50 шақырымнан; қалған күндері 100 шақырымнан) бөлінген.

Жобаның жүлде қоры - 65 млн теңге (демеушілердің есебінен). Жеңімпаз команда 30 млн теңге, екінші орын иегерлері - 20 млн теңге, қола жүлдегерлер - 15 млн теңге алады (Регламентке сай).

Марафон жұмысына 2 халықаралық, 2 қазақстандық судья және 2 халықаралық, 3 қазақстандық ветеринар шақырылды.

Екнші рет қолға алынғалы отырған ауқымды жоба туралы еліміздің Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов өзінің Facebook парақшасында пікір қалдырды. 

Биыл «Ұлы дала жорығы» екінші рет өтеді. Естеріңізге сала кетейін, өткен жылы Маңғыстау облысының құрама командасы бәйге марафонының жеңімпазы атанды, Жетісу облысының спортшылары екінші орынды, Түркістан облысының құрамасы үшінші орынды иеленді. Жоба YouTube - те 5 миллионнан астам және TikTok-та 30 миллионнан астам қаралым жинады.

Ұлы дала жорығы» марафонының мақсаты қарапайым. Бұл бірегей ұлттық бренд құру, дәстүрлі ат спортын, атап айтқанда, қазақтың «қазанат» жылқы тұқымын танымал ету. Мұндай жарыстар БАӘ, АҚШ, Испания, Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада және Австралия сияқты елдерде Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) қамқорлығымен үнемі өткізіліп тұрады. Сондықтан біздің жобамыздың халықаралық деңгейде ауқымды оқиғаға айналуға барлық мүмкіндігі бар»,- деп жазды министр.

«Ұлы дала жорығы» жобасын республикалық «JORYQ» ат спорты федерациясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, «Аманат» партиясының, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырады. 

Жобаның басты серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры». Ақпараттық серіктес - «Қазақстан» РТРК.