00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлы дала жорығы: Маңғыстау құрамасы жарысты жалғастырудан бас тартты

17 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлы дала жорығы: Маңғыстау құрамасы жарысты жалғастырудан бас тартты
фото: Elordainfo

Ұлы дала жорығы бәсекесінің былтырғы чемпионы «Көкмойнақ»(Маңғыстау облысы) командасы жорықты жалғастырудан өз еркімен бас тартты, деп хабарлады Elorda.info Joryq.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін 17 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы»  марафон-бәйгесінің 12-кезеңі Қызылорда облысы Шиелі ауданында өтіп жатыр. Таңғы сағат 7:00-ден 8 команда кезекті 100 шақырымды бағындыруға аттанды. Маңғыстау облысы командасы аттарының шаршап қалуына байланысты старт сызығына келмеді. 

Бұған дейін 11-кезеңде Маңғыстау облысының команда капитаны жарыстан шығып қалып,   «Көкмойнақта» 3 ат қалғанын хабарлаған едік. 11-кезең бойы үздік болып келген маңғыстаулықтар тәуекелге бармай, аттарын зорықтырмай, келесі жылғы марафон-бәйгеге тыңғылықты дайындауды жөн санағанын жеткізді.

11 кезең нәтижесі бойынша, Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы 18 команданы шаңына да ілестірмей келген. 1050 шақырымды артта қалдырып, финишқа 250-ақ шақырым қалғанда мұндай шешімге келуі - күтпеген жағдай болды. Аттары жорықты жалғастыруға жарап тұрса да, жорықты тоқтатуы - атақ-абырой, жеңіс пен жүлдеден аттарының амандығын алдыңғы орынға қоятынын сездірді. 

Бүгінде экс-чемпиондардың орнын Қостанай облысының командасы басты. 

Енді Адай жылқысының абыройы 1300 шақырымды 1 атпен бағындыруды мақсат еткен «Рекорд» командасындағы маңғыстаулық шабандоздың мойнында.

Бұдан бөлек командадан тыс 4 шабандоз белгіленген межені еңсеруге жалғыз жорытып барады.