00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұлттық спорт түрлерінен маман даярлайтын орталық жоқ

29 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ұлттық спорт түрлерінен маман даярлайтын орталық жоқ

Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев журналистермен өткен кездесуде осы саладағы мәселелерді ашып айтты, деп хабарлады Elorda info.

2022 жылға дейін ұлттық спорт қауымдастығында 6 спорт болса, артынша оның саны тоғызға артты. 

 Олар; бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ пен асық ату. 

Қазіргі ұлттық спортымыздағы 3 басты мәселені айтып өткім келеді, деді ол.

Ұлттықспорт түрлерінен мамандар даярлайтын арнайы орталық жоқ.

 Бүгінде Ұлттық спорт қаумдастығына кіретін 9 спорт түрінен 16 мыңнан астам маман бар деп айтады. Алайда, бұлардың барлығы  дерлік мамндықтары бойынша  дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері. Статистика бойынша, Қазақстанда 13 облыста клуб, 10 облысымызда арнайы балалвр мен жасөспірімдер мектебі бар.  Сондай-ақ, мектептерде ұлттық спортқа тоғызқұмалақтан кіретін факуоьтативті сабақтар өтеді. Мамандарымыз осы мектептерде жұмыс істейді, - дейді ол. 

Сондай-ақ оның айтуынша еліміздеұлттық спорт инфрақұрылымының жағдайы да сын көтермейді. 

Қазақстанда 40 ипподром бар. Бірақ оның бірде-біреуі халықаралық талапқа сай келмейді. Дегенмен, ұлттық спортты айтқанымызда, ипподроммен шектелмеу қажет.  Өйткені әлемдік елдердегі ипподромда тек бәйге ғана ұйымдастырылады. Ал бізде көкпар, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ спорт түрлеріне жабық кешенді салуды ойластырып жатырмыз. Осының арқасында аталмыш спорттармен тек көктем мен жаз айларында ғана емес, жыл 12 ай тоқтаусыз жаттығуға мүмкіндік береді.

Ұлттық спорт индустриясы дамымаған.

 Оның айтуынша, қазіргі кезде Қостанай жылқысының тұқымын қайта қалпына келтіру мәселесі дұрыс көтеріліп жүр. Себебі Қостанай жылқысы 100 шақырымдық жолды 4 сағатта жүріп өтетін мүмкіндігі бар. Екіншіден, Қостанай жылқысы жылдамдық бойынша ағылшын жылқысынан кейін екінші орында тұр. Бұдан бөлек, адай жылқысы да бар. Бұл саланы дамыту үшін, мемлекет тарапынан субсидия бөлінетіндей жағдай жасалу керек.

Айта кетейік, 2024 жылы елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді.

 Қанат БАЙҰЗАҚОВ