00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлем чемпионаты: бүгін ширек финалда 7 боксшымыз жұдырықтасады

10 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлем чемпионаты: бүгін ширек финалда 7 боксшымыз жұдырықтасады
фото: inform.kz

Бүгін бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Күндізгі сессия 15:00-де басталады. Салмақ дәрежелері бойынша:

57 келі: Серік Теміржанов — Сайдел Орта (Куба) 

71 келі: Асланбек Шымбергенов — Макан Траоре (Франция) 

80 келі: Нұрбек Оралбай — Хуссейн Эйшаиш Ишайш (Иордания) 

Кешкі сессия 19:00-де өтеді. Салмақ дәрежелері бойынша:

48 келі: Санжар Тәшкенбай — Кадзума Аратаке (Жапония) 

54 келі: Махмұд Сабырхан — Мохаммед Амаду (Гана) 

67 келі:Дулат Бекбауов — Мигел Анхел Мартинес (Мексика) 

+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев — Баһадүр Жалолов (Өзбекстан)