Конькимен жүгіруден ел кубогының жеңімпаздары анықталды

Конькимен жүгіруден ел кубогының жеңімпаздары анықталды
фото: Olympic.kz

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының финалы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Конькимен жүгірушілер одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа елдің бес облысы мен екі қаласынан 100-ден астам спортшы қатысты. Конькишілер 500, 1000, 1500 және 3000 метр қашықтықтарда сынға түсті.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

Әйелдер, 500 метр:

1 орын – Алена Лифатова (Павлодар облысы)

2 орын – Арина Ильященко (Павлодар облысы)

3 орын – Мария Кузнецова (Солтүстік Қазақстан облысы)

Ерлер, 500 метр:

1 орын – Дмитрий Бичуркин (Қостанай облысы)

2 орын – Руслан Бегімбетов (Қостанай облысы)

3 орын – Денис Демура (Қостанай облысы)

Әйелдер, 1500 метр:

1 орын – Айзада Рымбек (Астана)

2 орын – Диана Бачурина (Астана)

3 орын – Еңлік Жәрдембекқызы (Астана)

Ерлер, 1500 метр:

1 орын – Құдайберген Теміржанов (Алматы)

2 орын – Юрий Зеленый (Солтүстік Қазақстан облысы)

3 орын – Жаслан Олжабаев (Қостанай облысы)

Әйелдер, 1000 метр:

1 орын – Алина Дауранова (Астана)

2 орын – Арина Ильященко (Павлодар облысы)

3 орын – Алена Лифатова (Павлодар облысы)

Ерлер, 1000 метр:

1 орын – Азамат Сатқожа (Астана)

2 орын – Денис Демура (Қостанай облысы)

3 орын – Никита Молодых (Алматы)

Әйелдер, 3000 метр:

1 орын – Еңлік Жәрдембекқызы (Астана)

2 орын – Варвара Новикова (Алматы)

3 орын – Анастасия Седякина (Қостанай облысы)

Ерлер, 3000 метр:

1 орын – Алдияр Төлеугенов (Астана)

2 орын – Абылайхан Қайырғазы (Астана)

3 орын – Павел Мананков (Қарағанды облысы)