00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық теннисшілер «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер «Уимблдон» турнирінің ширек финалына шықты
Фото: ktf.kz

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында жасөспірімдер арасында «Уимблдон» турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Рената Ямрихова – жапониялық Эни Койкемен сынға түсті.

Бірінші партияда Арыстанбекова – Жиенбаева 6:2 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Ямрихова – Койке қарымта қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6. 

Асылжан Арыстанбекова – Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін чехиялық Джули Пастикова – германиялық Юлия Штузекпен таласады. 

Жекелей сында Жиенбаева үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 1-ракеткасы, сол Ямриховаға жол берді – 5:7, 4:6.