Қазақстандық таеквондошылар халықаралық турнирде төрт медаль иеленді
9 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Таеквондодан Испанияда өткен G-1 санатындағы халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жалпы есепте үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.
Ересектер арасында Әзірет Дүйсенбек (54 келі) пен Нұрлан Мырзабаев (87 келі) алтын медаль жеңіп алды.
Абдурахмон Марипов (74 келі) күміс иеленсе, Жавовирхан Исламовтың (58 келі) еншісінде қола бар.
Ал кадеттер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы бірінші орыннан көрінді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады