00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық ескек есушілер Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

19 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық ескек есушілер Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Фото: дереккөз

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден іріктеу турнирінде қазақстандықтар Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы екі адамдық каномен 500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып жетті. 

Бұл сында тек қана бір квота ойнатылған болатын. Финалда бәрін басып озған Емельянов пен Хайдаров жұбы 01:44.213 уақыт көрсеткішімен үздік деп танылды. 

Осылайша, қазақстандық экипаж Олимпиада лицензиясының иегері атанды.