Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Фото: olympic.kz
2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, нысана көздеуден Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спортшы 10 метрлік пневматикалық винтовкадан ату бағдарламасында алтын медаль иеленді. Финалда ол 250,1 ұпай жинады.
Екінші орынға 249,8 ұпаймен қытайлық Лу Динкэ жайғасты. Оңтүстіккореялық Пак Хаджун 228,7 ұпай жинап, қола медальға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар

5 қазан, 2025
Заңғар Нұрланұлы Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанды

5 қазан, 2025
Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

4 қазан, 2025
Денис Тен мемориалында Оңтүстік Корея спортшысы жеңімпаз атанды

4 қазан, 2025
«Чемпиондық рух»: елордада 3х3 баскетболдан жарыс басталды