Хоккей: Бүгін Қазақстан құрамасы алғашқы матчын Ресейге қарсы өткізеді
5 мамыр, 2023
Елорда ақпарат
Фото: prosports.kz
Бүгін, 5 мамырда Астана қаласында Халықаралық Qazaqstan Hockey Open 2023 турнирі басталады, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан құрамасы алғашқы матчын Ресейге қарсы өткізеді. Астана уақытымен 19.20-да басталатын матчты қазақстандықтар Qazsport арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасы халықаралық турнир аясында 7 мамырда Беларусь құрамасымен ойнайды.
Айта кетейік, 13 мамырда ел құрамасы Финляндияның Тампере және Латвияның Рига қаласында өтетін әлем чемпионатында В тобындағы ойынын бастайды.
Отандық хоккейшілердің қарсыластары: Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словения.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді