Grand Slam турнирінде қазақстандық джиу-джитсу шеберлері үш медаль жеңіп алды
24 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Парижде өткен Grand Slam турнирінде екі алтын алды, деп хабарлады Elorda.info.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Франция астанасында «Paris Grand Slam 2023» халықаралық жарысында қазақстандықтар 2 алтынға қоса 1 күміс медаль жеңіп алды.
Аталған додаға Қазақстаннан 11 спортшы қатысты. Доданың алғашқы күні не-ваза бөлімінде 69 келі салмақта сынға түскен Мансұр Хабибулла жеңіс тұғырынан көрінді. Ал файтингте Самат Сәрсенұлы (56 кг) алтын, Ғибрат Әмірше (56 кг) күміс жүлдеге ие болды.
Үш күнге созылған турнирде 26 елден 900 спортшы бақ сынады.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады