00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға жоғарылады

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға жоғарылады
Фото: kff.kz

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2023 жылдың алғашқы жаңартылған рейтингін жаңартты, деп хабарлады Elorda.info

Жаңа рейтингте Қазақстан құрамасы үш саты жоғарылап, 112-сатыға жайғасқан. 

Айта кетейік, биыл Қазақстан құрамасы екі ойын ойнап, Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, екінші ойынында Данияны 3:2 есебімен жеңді. 

Ал көш басына 2017 жылдан кейін алғаш рет әлем чемпиондары Аргентина құрамасы қайта оралды. Осыған дейін бірінші болған Бразилия жаңартылған рейтингте үшінші орынға сырғып кетті. 

Жаңартылған ФИФА рейтингі. 6.04.2023 

1. Аргентина - 1840.93 ұпай 

2. Франция - 1838.45 ұпай 

3. Бразилия - 1834.21 ұпай 

4. Бельгия - 1792.53 ұпай 

5. Англия - 1792.43 

112. Қазақстан - 1177.05.