Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы елордада екі ойын өткізеді
28 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Elordainfo.kz
Қазақстан әйелдер құрамасы 1 және 5 желтоқсан күндері УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің қорытынды матчтарында Эстония және Армениямен кездеседі, деп хабарлады Elorda.info.
Екі ойын да «Астана Арена» стадионында өтеді. Аренаға кіру тегін.
Эстонияға қарсы матч 1 желтоқсанда Астана уақытымен 20:00-де өтеді. Артынша 5 желтоқсанда Арменияға қарсы матч жоспарланған. Ойынның басталуы – 21:00-де. Екі кездесуді де Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, төрт турдан кейін Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен үшінші орында келе жатыр. Бұған дейін Мадияр Кембіловтің шәкірттері Эстония (0:0), Армения (2:1) және Израильге (0:2, 0:0) қарсы ойнады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:36
Семсерлесу: Қазақстанның ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды
Бүгін, 08:51
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда екі алтын жеңіп алды
24 қараша, 2024
Жеңіске бірге жүгір: Елордада 100-ге жуық отбасы жүгірісте жүлдеге таласты
24 қараша, 2024
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті